Хантавирус Аргентинадан тарауы мүмкін

Хантавирус Аргентинадан тарауы мүмкін. Билік Атлант мұхитындағы круиз кезінде шыққан дертті қайдан пайда болғанын анықтап жатыр.

Жергілікті денсаулық сақтау саласының мамандары оны климат өзгерісімен байланыстырады. Күн жылып, экожүйелердің өзгеруі салдарынан вирусты тасымалдаушы кеміргіштер көбейген. Ресми дерек бойынша Аргентинада былтырғы маусым айынан бері хантавирус жұқтырудың 101 жағдайы тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Енді Буэнос-Айрес кеселді жан-жақты зерттеу үшін вирустың генетикалық материалы мен сынама жабдықтарын Испания, Сенегал, Оңтүстік Африка, Нидерланд және Ұлыбританияға жібермек.