Лула да Силва: Трамп Кубаны басып алмайды
АҚШ пен Бразилия президенттері Дональд Трамп пен Лула да Силва Ақ үйде 3 сағат бойы кездесу өткізді.
«Рейтердің» хабарлауынша, екіжақты келіссөздер негізінде Америка тарапынан Бразилия тауарларына баж салығын азайту бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар көшбасшылар сирек метал өндірісіне инвестиция салу, ескірткі тасымалымен күрес, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесін реформалау мәселелерін және Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайды талқылаған. Бразилия президенті «Трамп Кубаға басып кірмейді» деп мәлімдеп, Вашингтон мен Гавана арасында араағайындық жасауға дайын екенін жеткізді.