АҚШ-Иран келіссөзі жалғасуы мүмкін
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз келесі аптада қайта жалғасуы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Кездесу өтетін негізгі алаң ретінде қайтадан Исламабад қарастырылып отыр. Тараптар қазір 14 тармақтан тұратын меморандум жобасын талқылап жатыр. Құжатта Иранның ядролық бағдарламасы, Ормуз бұғазындағы шиеленісті азайту және жоғары байытылған уран қорын үшінші елге беру мәселелері қамтылған. Бұдан бөлек, Тегеранға қатысты санкцияларды жеңілдету мәселесі де күн тәртібінде тұр. Сарапшылар келіссөздер нәтижелі болса, бітім мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін айтады.