Ливанда шабуыл кезінде 39 адам қаза тапты
Израиль Ливанның оңтүстігін шабуылдау салдарынан 39 адам қаза атпты. ЦАХАЛ әскері бұл соққыларды Хезболланың нысандарына бағытталғананын алға тартады.
Осындай сылтаумен қазір Ливанның солтүстік-шығысында шабуылдарын үдете түскен. Ал Хезболла бұған жауап ретінде зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшырды. Тараптар 16 сәуірде жасасқан бітімге қарамастан, бір-бірін қарқынды түрде шабуылдап жатыр. Ресми дерек бойынша, Ливан мен Израиль арасындағы жағдай ушыққалы бері Ливандағы қақтығыс құрбандарының саны 2 795-ке жетті.