Әлемдік нарықта күкірт қышқылы қымбаттады

АҚШ, Израиль, Иран арасындағы қақтығыс ушыққалы бері күкірт қышқылының бағасы Индонезияда 80%-ға, ал Чилиде екі есе өскен. 

Оңтүстік-шығыс Азия және Оңтүстік Америка мемлекеттері қажетті шикізатты шетелден тасымалдайды. Ал әлемдік күкірт қышқылы экспортының тең жартысы Парсы шығанағы елдеріне тиесілі. Ол мұнай мен түсті металдарды өңдеу кезінде алынады. Сондай-ақ тыңайтқыштар, жартылай өткізгіштер мен су тазарту жүйелерін өндіруде пайдаланылады.