Ресей «Сарматты» сынақтан өткізді
Ресей "Сармат" деп аталатын құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізді. Президент Владимир Путиннің айтуына қарағанда, ракета 35 мың шақырым жердегі жаудың бетін қайтара алады.
Ал ғаламшар экваторының ұзындығы - 40 мың шақырым. Сондай-ақ бұл алапат қару бірнеше ядролық оқтұмсықты алып ұша алады, - деп мәлімдеді. Және жыл аяғына дейін әскерге пайдалануға берілетінін жеткізді. Бұдан бөлек Кремль басшысы 2002 жылы АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жөніндегі келісімінен шықты. Сол себепті Ресей сақтық үшін өз ядролық әлеуетін күшейтуге мәжбүр болды, - деді. "Сармат" зымыранын құрастыру жұмыстары 2011 жылы басталған. Бірақ осыған дейінгі сынақтар сәтсіз аяқталған болатын.