Әлемдік қор нарығында өсім байқалды

АҚШ президенті мен Қытай төрағасының кездесуінен кейін әлемдік қор нарығында өсім байқалды.

Ақ үй басшысының Бейжіңге сапары кезінде Доу-Джонс индексі 0,8 пайызға ұлғайған. Эс Энд Пи 500 ((S&P 500)) және Насдак ((Nasdaq)) фьючерстері 0,3 пайызға артты. Ал Еуропаның Стокс 600 ((STOXX 600)) индексі жарты пайыз өсім көрсетіп отыр. Бірақ Бейжіңдегі келіссөздер мұнай бағасына аса әсер ете қойған жоқ. Брент ((Brent)) маркасының фьючерстері барреліне 105 доллардан саудаланса, Даблю-Ти-ай ((WTI)) бағасы 100 доллар шамасында қалып отыр.