АҚШ Польшаға әскер жібермейді

Пентагон Польшаға әскер жібермейді.

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады. Жоспар бойынша ротация аясында 4 мың америкалық әскер 9 айға Польшаға аттануы керек болған. Алдыңғы сап Еуропаға жеткенімен әскери техника жөнелтіп үлгірмеді. Кәрі құрлықтағы әскери бөлімге кері қайту туралы бұйрықты ведомство басшысы Пит Хегсет берген. АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты растағанымен егжей-тегжейіне тоқталмады. Ал ресми Варшава бұл шешімнің тікелей Польшаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ел қорғаныс қабілетін әрі қарай күшейтуді жоспарлап отыр.