Суданда гуманитарлық дағдарыс ушықты
Суданда 20 млн адам азық-түлік тапшылығына тап болды. Төрт жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық қақтығыс салдарынан 9 млн тұрғын үйлерін тастап босып кетті.
Тіпті кей ауданның тұрғындары аштан өлмес үшін өсімдік жеуге мәжбүр. Шиеленіскен соғыс салдарынан тұрғындарға гуманитарлық көмек жетпей жатыр.