Таиландта пойыз автобуспен соқтығысып, сегіз адам қаза тапты

Таиландта пойыз теміржол өткелінде тұрып қалған автобусты қағып, 8 адам қаза тапты.

Тағы 25 жолаушы жарақат алған. Қайғылы оқиға Бангкокта тіркелді. Қатты соққыдан қоғамдық көлік түгел жанып кеткен. Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың нақты себептері анықталуда.