Аргентинада етке сұраныс күрт төмендеді
Ет жеу бойынша әлемде алдына жан салмайтын Аргентинада сиыр етіне сұраныс кейінгі 20 жылда ең төмен көрсеткішке түсті.
Жергілікті Ауыл шаруашылығын дамыту қорының мәліметі бойынша, дағдарысқа экономикалық және экологиялық факторлар әсер еткен. Үкімет инфляциямен күресті желеу етіп, бюджет ақшасын қысқартып, көмекқаржыларды алып тастады. Бұл халықтың сатып алу қабілетін төмендеткен. Осылайша, бір жылдың ішінде сиыр еті 60 пайызға дейін қымбаттады. «Жығылғанға жұдырық» демекші, бұдан бөлек, елді құрғақшылық пен су тасқыны қатар жайлап, ірі қара мал 10 пайызға қысқарған.