АҚШ-та 60 млн адамға торнадо қауіп төндіріп тұр
АҚШ-тың орталық бөлігінде бірнеше дүлей дауыл мен жойқын торнадо 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр.
Fox Weather порталының мәліметі бойынша, қолайсыз күн райы бірнеше штат аумағын қамтиды. Әсіресе Миннесота штаты мен Техастың оңтүстік аудандарына ауыр тимек. Бұл аймақтарда қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды. Болжам бойынша, торнадо кешкі уақытта соғып, құйын бұрынғыдан ауқымды болуы мүмкін. Сондықтан билік тұрғындарды ертерек қамдануға және әркез сақ болуға шақырып жатыр.