Лондонда мүк арқылы ауа тазартылады

Лондонда мүк арқылы ауа тазартылып жатыр. Мамандар аталған өсімдікті бетон қабырғаларға жайып жіберген. 

Бұл жердегі ерекшелік – мүк тамырын топырақтан алмайды. Осылайша, ғимараттарға ешқандай зиян келмейді. Бұл шөп сыртқы ортаға тез бейімделеді, өте төзімді және газды жұтып, оттегіні жақсы бөледі. Сондықтан оны үнемі суарудың еш қажеттігі жоқ. Оның үстіне, мүк өрт қауіпсіздігі жағынан залалсыз және жаппай тарату бойынша да тиімді. Аталған жоба сынақ мерзімінен сәтті өтсе, қала бойынша жаппай қолданысқа енгізілмек.