Әлемдегі ең ірі әскери кеме АҚШ-қа оралды

Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроны тұтқындауға және Ирандағы соғысқа қатысқан «Джеральд Форд» атты әскери ұшақтар таситын әлемдегі ең ірі және ең қымбат кемесі 11 айдан кейін АҚШ-қа оралды.

Онда 5 мыңнан астам сарбаз, 90 атқыш ұшақ, 50 тікұшақ, көптеген дрон, зениттік зымырандар мен қондырғылар бар. Ол әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен АҚШ-тың 38-президентінің құрметіне Джеральд Форд деп аталады. 1 жылға жуық үйінде болмаған сарбаздарды қарсы алу үшін АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет пен жауынгерлердің жақындары келді. 

Пит Хегсет, АҚШ Қорғаныс министрі:

- Сіздер жай ғана миссияны атқарып қайтқан жоқсыздар, сіздер тарихи іс жасадыңыздар. Сіздер елдің абыройын көтердіңіздер. Бұл керемет оқиға. Бүгін айтылуы керек жалғыз оқиға – бұл әскери теңізшілердің батырлығы, шеберлігі және кәсібилігі. Олар Туымызды қорғау үшін бүкіл әлемді 3 рет айналып шықты. Сіздерге көп рақмет.