Иранда жаппай ел қорғау тренингтері өтіп жатыр
Мұндай жиын көбіне мешіттерде ұйымдастырылған.
Сабаққа ерлер, әйелдер және жасөспірімдер қатысады. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ерікті азаматтар қару-жарақты күтіп ұстау, ату сосын шабуыл кезінде дұрыс қолдануды үйренеді. Бұл жиын "Иран үшін өміріңді құрбан ет" деп аталады. Мақсат: АҚШ пен Израиль шабуылдаған кезде соғысқа әзір тұру. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша ел қорғау жиындарына қазіргі сәтке дейін 31 миллионнан астам адам тіркелген.