ДДСҰ Конгоға медициналық көмек жөнелтті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасына 4,7 тонна медициналық көмек жіберді.
Гуманитарлық жүк Біріккен Ұлттар Ұйымының ұшағымен жеткізілді. Ұйым Эбола індетін халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады. Бұған көрші Уганда астанасы Кампалада тіркелген екі жағдай себеп. Кейінгі апталарда қатерлі дерттен көз жұмғандар саны 110 адамға жетті. Мамандар індеттің тарауына себеп болған Бундибугйо штаммына қарсы әзірге бекітілген вакцина да, арнайы ем де жоқ деп дабыл қағып отыр.