Угандадағы АҚШ елшілігі виза беруді тоқтатты

АҚШ-тың Угандадағы елшілігі виза беруді уақытша тоқтатты. Бұған аймақтағы Эбола індетінің өршуі себеп.

Шектеулер әсіресе кейінгі үш апта ішінде Угандаға, Конго Демократиялық Республикасына немесе Оңтүстік Суданға барған шетел азаматтарына қатысты. Індеттің АҚШ халқы үшін қаупі әзірге төмен деңгейде бағаланып отыр. Қазір тиісті мекемелер эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.