Конгода Эболадан 136 адам көз жұмды
Конгоның шығысында Эбола індетінен 136 адам көз жұмды. Бұл аздай, тағы 543 тұрғын осы қауіпті ауруды жұқтырған.
Мұны осы елдің Денсаулық министрі Роджер Камба мәлімдеді. Африка «Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы» бас директорының хабарлауынша, қазір аталған індетке қарсы үш вакцина әзірленіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола вирусының сирек кездесетін Бундибугйо штаммының өршуін халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады. Естеріңізге сала кетейік, қауіпті індет Конгоның шығысында алғаш рет 2018 жылы кең таралып, 2 мың 300 адамның өмірін қиған еді.
Жан Касея, Африканың Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының бас директоры:
- Үш вакцина әзірленіп жатыр. Біріншісі «Ервебо Мерк» деп аталады. Оған көп үміт артылып отыр. Екіншісі Ұлыбританиядан алынды. Ал үшіншісі АҚШ-тың Техас штатынан жеткізіледі.