Аргентинада дәрігерлер шеруге шықты

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте ондаған мың медицина қызметкері шеруге шықты.

Олар үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына қарсы бас көтерген. Өткен аптада билік денсаулық сақтау саласына қатысты бюджет қаржысын 44 миллион долларға қысқартатынын жариялады. Ереуілшілер "Ауру күтіп тұрмайды!" деп ұрандатты. Олар Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратынан бастап Үкімет үйіне дейінгі аралықты жаяу жүріп шыққан. Ақша қысқарту шараларынан бірінші кезекте қатерлі ісікке қатысты зерттеу, алдын алу, анықтау және емдеу бағдарламалары зардап шегіп отыр. Хавьер Милей президенттікке келген 2023 жылдан бері бюджет ақшасын қысқарту туралы қатаң экономикалық жоспарды қолға алды. Кейінгі 3 жылдың ішінде вакциналарды өндіру мен таратуға бөлінген бюджет қысқарып, зейнеткерлерге тегін берілетін дәрілерді алып тастаған.

Пабло Кохан, дәрігер:

"Несін жасырайық, жағдай өте қиын. Жалақымыз қатты қысқарды. Ал дүкендерде бүкіл заттар қымбаттап жатыр. Айлығымыз шайлығымызға жетпей қалды. Үкімет инфляцияны бақылауда ұстап отырмыз деп өтірік айтады".