АҚШ Иран маңында 94 сауда кемесін ұстады
АҚШ әскері Иран маңында 94 сауда кемесін ұстады. Бұл туралы Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы мәлімдеді.
Америкалық сарбаздар Парсы және Оман шығанақтарында барлық жағалауды күні-түні күзетіп тұр. Бұл операцияларға 2 ұшақ тасығыш, 3 десанттық және бірнеше зымыран атқыш, бас-аяғы 20-дан астам кеме тартылған. Бұдан бөлек, жүзге жуық атқыш ұшақ пен тікұшақ бар. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп әкімшілігі сәуірдің ортасында Пәкістан астанасы Исламабадтағы келіссөздер сәтсіз аяқталған соң теңіздегі тосқауыл операциясын бастап, Ираннан шыққан кемелерді ұстауға кіріскен.