ДДСҰ: Конгода Эболаның таралу қаупі жоғары
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында Эболаның таралу қаупін ұлттық деңгейде «өте жоғары» деп бағалап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, бүгінде 750-ге жуық адам вирусты жұқтырған. Көз жұмғандар саны 177-ге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетпен күресу үшін төтенше қордан қосымша 60 миллион доллар қаржы бөлді. Сондай-ақ ауру жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтау және жергілікті халықпен жұмыс істеу үшін елге жиырмадан астам маман жіберілді. Ал көршілес Угандада жағдай біршама тұрақты. Онда екі тұрғынның ауруға шалдыққаны расталды.