Өзбекстанның оңтүстік өңірлерінде шегіртке қаптады

Әлеуметтік желіде таралған видеода олардың құммен жорғалап келе жатқанын көруге болады. 

Жергілікті тұрғындар шегірткенің егін алқаптарына тигізер зардабы зор екенін айтып дабыл қағып жатыр. Тиісті органдар болса, күні бүгінге дейін 651 мың гектар алқаптың 3 641-і химиямен дәріленгенін хабарлады. Жалпы Өзбекстанда зиянкестердің 100-ге жуық түрі бар. Биыл мароккалық зиянкестің белсенділігі байқалған. Оның 8-і топ болып ұшып, айналаға қауіптілігі анықталып отыр. Осыны ескерген дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Өзбекстанға 8 көлік берді. Олар шекірткемен күрес шараларына жасақталып, арнайы қондырғымен жабдықталған. Айта кетейік, Қазақстан үкіметі шекаралық өңірлерде шегірткемен күресті күшейтті.

Нодирбек Тофлиев, Өзбекстан өсімдіктер карантині және қорғау ғзи зертхана меңгерушісі:

- Бұл жәндіктер күн сайын 50-60 шақырымға дейін ұша алады, негізінен сексеуіл жапырағын жейді. Егіс алқаптарына зиянын тигізбеуі үшін химиялық өңдеуге бар күшті жұмылдырған жөн. Оның ішінде шекаралас өңірлерде жәндіктің таралу қаупін азайту мақсатында арнайы шаралар қолға алынды.