Ирандағы соғыс Үндістанға да зардабын тигізді

«Рейтердің» хабарлауынша, Парсы шығанағы елдерінде жұмыс істейтін 1 миллион 300 мыңнан астам үнді азаматы қарулы қақтығыс ушыққан сәтте елге қайтуға мәжбүр болды. 

Сонымен қатар жанармай жеткізудің логистикалық тізбегі үзіліп, энергия тауарлары күрт қымбаттады. Бұл Үндістандағы кәсіпорындардың жұмысын баяулатты. Соның кесірінен біршама жұмыс орны қысқарды. Әсіресе халық ең тығыз қоныстанған Уттар-Прадеш штатында дағдарыс белең алды.