Ірі автокомпания көліктерін қайтарып жатыр
Оңтүстіккореялық автоөндіруші Hyundai Motor АҚШ-та 420 мыңнан астам темір тұлпарды кері қайтарып жатыр.
Құрама Штаттардың Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұған бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақау себеп болған. «Бұл апатқа ұшырау қаупін арттырады», - дейді мамандар. Яғни соқтығысудың алдын алу жүйесі жоқ жерден кедергі анықтап, көлік кенеттен тоқтап қалуы мүмкін. Компания өкілдерінің хабарлауынша, дилерлер ақауды тегін қалпына келтіріп, алдыңғы камераның электрондық жүйесін жаңартады.