Эболаға қарсы вакцина әзірленіп жатыр

Оксфорд университетінің ғалымдары Эболаға қарсы жаңа вакцина әзірлеп жатыр.

Ол клиникалық сынақтан екі--үш айдың ішінде өтуі тиіс. Конго Демократиялық Республикасында Эболаның Бундибугио штаммын 800-ге жуық адам жұқтырды. Қауіпті вирустың бұл түріне қарсы вакцина әлі күнге дейін жасалмаған. Нақты емдеу тәсілдері де жоқ. Британдық мамандар жаңа дәріні COVID-19 пандемиясы кезінде қолданған технология негізінде дайындап жатыр.