Кореяда роботтар саябағы ашылды
Оңтүстік Кореяда әлемдегі алғашқы құлтемірлер саябағы ашылды.
Сеул қаласында орналасқан жаңа кешеннің аумағы 16 мың шаршы метрден асады. Мұнда келушілерді робот-иттер мен адам қимылын қайталай алатын андроидтар қарсы алады. Қонақтар роботтарды басқарып, түрлі интерактивті шоуларға қатыса алады. Сахнада виртуалды аватарлардан құралған кей-поп топтары да өнер көрсетеді. Жоба авторларының айтуынша, цифрлық орындаушылардың ерекшелігі - олар демалысты қажет етпейді әрі тәулік бойы өнер көрсете алады.