Пәкістанда жол апатынан 17 адам қаза тапты
Пәкістанда болған жол апатынан 17 адам қаза тапты.
Тағы бес жолаушы жарақат алған. Қайғылы оқиға елдің Хайбер-Пахтунхва провинциясында тіркелді. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан шағын қоғамдық көлік жол жиегінде тұрған автобусқа соғылған. Ал жолаушылар елдің солтүстігіндегі танымал туристік аймақ - Сват аңғарына қарай жол тартқаны белгілі. Қазір тергеу жүріп жатыр.