АҚШ Иранның оңтүстігіне соққы берді

АҚШ әскері Иранның оңтүстігіне соққы берді. Соның салдарынан Иранның зымыран ұшыру қондырғылары мен шағын катерлері шабуылға ұшырады. 

Мұның себебін АҚШ Орталық қолбасшылығы қорғаныс мақсатында деп түсіндірді. Cондай-ақ Иран тарапынан төнетін кез келген қауіпке тойтарыс беру үшін және сарбаздарының қауіпсіздігін сақтау үшін жасалғанын алға тартады. Ал Тегеран өкілдері АҚШ-пен ортақ мәмілеге келу үшін Қатарға барған еді. Алда өтетін келіссөздерге қарамастан шабуылдар басталып кетті.