М.Рубио: АҚШ-Иран келісіміне уақыт қажет

Вашингтон мен Тегеран бейбіт келісімге келу үшін тағы бірнеше күн қажет. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, тараптар аймақтағы қауіпсіздік пен Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайға қатысты құжаттың негізгі тармақтарын нақтылауға басымдық бермек. Рубио кеме қатынасының толық қалпына келетініне кәміл сенімді екенін айтты. Тегеранда келісімнің бірқатар тармағы мақұлданған. «Алайда ортақ мәміле жасасуға әлі ерте», - дейді. Өйткені Иран ядролық бағдарламаны талқылауды бастамас бұрын, атысты толық тоқтатуды және қауіпсіздік кепілдіктерін талап етіп отыр.