Қытай Германияға қатаң ескерту жасады
Бұған партияаралық неміс делегациясының Тайваньға сапары түрткі болды.
Қытай тарапы бұған үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, дереу тоқтатуды талап етіп жатыр. Бұл жөнінде көрші елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. Германия делегациясының ресми Бейжіңнен аттап, тікелей Тайваньға сапарлауы Қытай билігінің қытығына тиіп отыр. Мао Нин немістерді «Бір Қытай» қағидасын ұстануға шақырып, саяси дипломатиялық қарым-қатынасты бұзбауды талап етті.
Мао Нин, Қытайдың СІМ ресми өкілі:
- Әлемде бір ғана Қытай бар. Ал Тайвань оның ажырамас бөлігі. Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынастағы кез келген мемлекет Тайваньмен жеке-дара ресми байланыс орнатпауы тиіс. Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы. Біз немістерді осы норманы ұстануға және Тайвань сепаратистік күштеріне қате белгі мен үміт беруді тоқтатуға шақырамыз. Демократиялық прогрессивті партия билігінің шетелдік қолдауды тарту арқылы бөлінуге тырысу әрекеті сәтсіздікке ұшырайды.