Уганда шекарасын жапты
Уганда көршілес Конго Демократиялық Республикасымен шекараны жапты.
Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты хатшысы Диана Этвайн хабарлады. Билік бұл қадамға Эболаның таралуын тежеу үшін барып отыр. Шекара 4 апта жабық тұрады. Бірақ вирусқа жедел әрекет ету тобы, гуманитарлық операциялар, азық түлік және жүк тасымалының өтуіне рұқсат бар. Конгодан Угандаға кіруге рұқсат алған азаматтар 21 күнге үй карантиніне жабылады. Бүгінде Угандада жеті адам Эбола жұқтырған. Бір адам көз жұмды. Ал қауіпті вирустың ошағы саналатын Конгода ауруға шалдығуы мүмкін тұрғын саны 900-ден асты.