Кенияда мектеп жатақханасындағы өрттен 16 адам көз жұмды
Кенияда мектеп ғимараты өртеніп, 16 адам опат болды.
70-тен аса адамды күйік шалды. Қайғылы оқиға ел астанасы Найробидегі қыздарға арналған оқу орнының жатақханасында болған. Өрт тұтанған кезде оқушылар ұйықтап жатқан. Жергілікті тұрғындар құтқару қызметі келіп жеткенше, қызыл жалынды ауыздықтау мүмкін болмады дейді. Кенияда оқу орындары жиі өртке оранады. Көп жағдайда мұндай әрекетке қатаң тәртіп пен білім сапасына көңілі толмайтын оқушылар барады. Қазір тергеу жүріп жатыр.