Бразилияда жұмыс уақыты қысқарады

Енді мемлекеттік мекемелер төрт сағат аз жұмыс істейді. Заң жобасын ел парламентінің төменгі палатасы мақұлдады.

Бұған дейін қызметкерлер аптасына бес күн, 8 сағаттан жұмыс істеп келді. Ал алтыншы күні қосымша 4 сағат еңбек етуге міндетті еді. Енді кестеде жартылай ауысым болмайды және аптасына екі күн қатарынан демалыс күні белгіленеді. Бұл бастама 37 миллион тұрғынға әсер етпек. Құжат Сенаттың қарауына ұсынылды.