БҰҰ басшылық лауазымдарды қысқартады
Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы 2 жылда біраз басшылық лауазымды қысқартады. Бұл туралы халықаралық қауымдастықтың бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаржының азаюы реформа жүргізуді талап етіп отыр. АҚШ сияқты бірқатар ел міндетті жарнаны құюдан бас тартты. "UN 80" бағдарламасы аясында біраз бюджет қысқарды. 2 мыңнан астам жұмыс орны Нью-Йорк, Женева секілді қымбат мегаполистерден экономикалық жағынан тиімді аймақтарға көшірілді. Келер жылы басқарма жетекшілері, ал арғы жылы жоғары лауазымды орындар жойылады.