Эстонияда әйелдер әскерге шақырылуы мүмкін
Эстонияда әйелдер үшін әскерге бару міндетті болуы мүмкін.
Бұл туралы осы елдің Қорғаныс департаментінің басшысы Ану Раннавески мәлімдеді. Бұған басты себептің бірі Эстонияда кейінгі 20 жылда бала туу азайған. Жыл сайын 4-5 мың ұл ғана туады екен. Сондықтан әскерге баратын ер адамдар саны 2040 жылға қарай 4 мыңнан аспау қаупі төніп тұр. Қазір бұл елде қыз-келіншектер әскерге ерікті түрде барады.