NYT: АҚШ пен Иран инвестқор құруы мүмкін

АҚШ пен Иран Ислам республикасының экономикасын дамыту мақсатында халықаралық қор құру жолдарын қарастырып жатыр.

Бұл идея бейбіт бітім аясында жүзеге асуы мүмкін. Америкалық The New York Times осылай деп жазды. Қорға 300 миллиард долларға дейін салынуы ықтимал. Бірақ бұл қаржыны Тегеран бейбіт келісімге қол қойғанда ғана алады. Әзірге тараптар арасында келіссөз жалғасып жатыр. Бірақ сарапшылар Иран мен АҚШ-қа түпкілікті келісімге келу өте қиын болып жатқанын айтады.