Угандада Эбола безгегін жұқтырғандар саны артты
Угандада Эбола дертін жұқтырғандар қатары тоғызға жетті.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қауіпті індет ел астанасы — Кампала қаласының екі тұрғынынан анықталған. Қазір науқастар дәрігердің бақылауында. Уганда көрші Конго Демократиялық Республикасымен арадағы жолаушылар тасымалын уақытша тоқтатты. Шектеулер әуе рейстеріне, автобустарға және басқа да қоғамдық көліктерге қатысты енгізілді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, бүгінде әлемде 906 адам Эболаға шалдыққан.