Жапония халқының саны үш миллионға азайды
Жапония халқы кейінгі 5 жылда 3 миллион адамға азайды.
Бұл туралы елдегі санақ барысында белгілі болды. Қазір тұрғындар саны – 123 миллион. Алайда 2015 жылдан бері тоқтаусыз кеміп келеді. Бұл бірінші кезекте бала туу көрсеткішінің кемуі және қартаю деңгейінің өсуімен байланысты. Әсіресе кері үрдіс 45 префектурада қатты байқалады. Өсім тек Токио мен Окинавада ғана тіркелген. Былтыр елде 706 мың бала туды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға аз. Үкімет қазір отбасыларға жүктілік және бала туу кезінде қаржылай қолдау көрсетуді арттыру жолдарын қарастырып жатыр.