Жапония қорғанысын нығайтып жатыр
Жапония да қорғаныс саласын нығайтып, Хоккайдо аралына гипердыбысты зымырандарын орналастырмақ.
Олардың ұшу қашықтығы 300-ден 500 шақырымға дейін жетеді. Мұндай үлгідегі алғашқы зымыран кешендері наурыз айында Фудзи тауы маңындағы әскери базаға қойылған еді. Ал келер жылдың көктемінде оңтүстіктегі Кюсю аралына да жеткізу жоспарланып отыр. Бұл шара Жапонияның 2022 жылы қабылданған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында қарастырылған. Соған сәйкес сырттан төнген кез келген қауіпқе қарсы соққы жасау құқығы бекітілген.