АҚШ Куба президентіне қарсы санкция енгізді
Куба мен АҚШ арасындағы саяси текетірес күшейді.
Құрама Штаттар Куба президенті Мигель Диас-Канельге қарсы санкция енгізді. Қара тізімге одан бөлек отбасы мүшелері мен Рауль Кастроның ұлы мен немересі де ілікті. Вашингтон шешімнің себебін жариялаған жоқ. Бірақ Құрама Штаттар аралдағы адам құқығына қатысты жағдайды жиі сынайды. Ақ үй басшысы Кубаны "берекесі жоқ мемлекет" деп атады. Ал Президент Мигель Диас-Канель АҚШ санкцияларын арандатушылыққа теңеді. Оның айтуынша, Куба халқы Құрама Штаттардың қысымына төтеп беруге және егенмендігін қорғауға әзір.