АҚШ 127 кемені Иранға өткізбей тастаған
АҚШ Иран порттарын қоршауға алғалы 127 сауда кемесін өткізбей тастады.
Құрама Штаттар Қарулы Күштерінің Орталық Қолбасшылығы Оман мен Парсы шығанағын күні-түні күзетеміз. «Алайда гуманитарлық кемелердің қозғалысын шектеп отырғанымыз жоқ», - дейді. Операцияға ұшақ таситын - 2 кеме, десанттық және эскадралық зымыран тасушы - 3 кеме, сондай-ақ 100 жойғыш ұшақ пен тікұшақ тартылған. Тегеран билігі Ормуз бұғазын ашпай қойған соң, бұған қарымта жауап ретінде сәуірдің 13-де Вашингтон Иран порттарын қоршауға алған еді.