Қытайдағы қайғылы оқиға: СІМ Қазақстан азаматының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото: depositphotos.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаровқа қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды «24KZ».

«Гуанчжоу қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығына Қытай Халық Республикасы Гуандун провинциясының қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан ресми хабарлама келіп түсті. Қытай тарапының мәліметінше, Қазақстан азаматы денсаулыққа әдейі зиян келтіруге байланысты іс-әрекет жасады деген күдікпен ұсталған», - деп хабарлады СІМ.

Минситрлік  қазақстандық тарап іс бойынша қосымша ақпарат алу үшін ҚХР құзыретті органдарына сауалдар жолдағанын атап өтті.

«Қазақстандық дипломаттар ұсталған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», - делінген ресми пікірде.

СІМ бұл мәселе министрліктің бақылауында екенін айтты.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз