Үндістанда қатерлі ісікке қарсы дәрі тапшылығы өткір болып тұр

Үндістанда қатерлі ісікке қарсы дәрі тапшы.

Дағдарысқа Оңтүстік Африкадағы платина өндіру көлемінің төмендеуі және Таяу Шығыстағы қақтығыстар, атап айтқанда логистикалық қиындықтар себеп. Қазір елде химиотерапия қабылдайтын науқастардың кемінде төрттен бірі құрамында платина бар дәрілермен емделеді. Айта кетейік, Үндістан әлемдегі ең ірі дәрі-дәрмек өндіруші елдердің бірі. Онда Азия, Африка және Латын Америкасына экспортталатын мыңдаған дәрілік преперат өндіріледі. Сарапшылар жергілікті фармацевтикалық зауыттардың жұмыс қарқыны әрі қарай бәсеңдесе, жаһандық дәрі-дәрмек нарығы құлдырауы мүмкін деп дабыл қағып жатыр.