Филиппинде зілзала құрбандарының саны артты
Филиппиннің оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен опат болғандардың саны 45 адамға жетті. Рейтердің мәліметінше, тағы 17 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
7,8 баллдық дүмпуден кейін аймақта көшкін жүріп, жолдарды жауып, үйлерді қиратып кеткен. Салдарынан халық баспасынан айырылып, бірнеше күннен бері сусыз, азық-түліксіз отыр. Апат болған аймақтарда құтқару және жолдарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Жанелин Динага, жергілікті тұрғын:
- Балалар қатты қорқып қалды. Аз ғана діріл сезілсе, бірден жылай бастайды. Тіпті ұйықтап жатқанда да оянып, сыртқа жүгіреді. Қазір жарық та, су да жоқ. Үкіметтен көмек күтіп отырмыз.
Сажерон Гампонг, жергілікті тұрғын:
- Үйлердің көбі қатты бүлінді, біздің үйіміз толық қирап қалды. Ішіне кіру мүмкін емес. Енді оны қалай қайта тұрғызамыз деп уайымдап отырмыз, қолымызда қаражат жоқ. Бізге көмек керек.