NASA айға ұшатын құрамды бекітті
NASA Айға баруға қызу дайындалып жатыр. CNN-нің мәліметінше, ол жаққа баратын құрам бекітілді. Команда 4 ғарышкерден тұрады.
Миссия "Artemis III" деп аталады. Келер жылы экипаж Жердің айналасындағы орбитаға 2 аптаға экспедицияға аттанады. Олар Айға қону үшін аса маңызды технологияларды сынақтан өткізеді. Басты міндет – Orion ғарыш кемесін SpaceX пен Blue Origin қону модульдерімен түйісуін бақылау.