Трамп: Иранның не істеп жатқанын білмеймін. Келісімге әлі қол қоймады

АҚШ Иранға тағы шабуыл жасады.

Бұл туралы Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы "ИКС" әлеуметтік желісінде хабарлаған. Вашингтон "бұл Тегеранның басқыншылығына қарсы қарымта" деді. Әуе соққыларының жасалғанын Иранның мемлекеттік телеарнасы да растады. Олардың мәліметі бойынша бұл жолы елдің оңтүстігіндегі Бандар Аббас, Сирик пен Минаб қалалары атқыланған. Бұл осы аптадағы АҚШ жасаған үшінші шабуыл. Иран билігі қақтығыс басталған ақпан айынан бері Таяу Шығыстағы су жолдарында 253 кеме жойылғанын, 54 теңізші қаза тауып, 66-сы жарақат алғанын және 28 сарбаздың тұтқынға түскенін, сонымен қатар 7 теңізшінің жоғалып кеткенін мәлімдеді

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

"Иран келісімге қол қоюы керек. Негізі келісіп отыр. Бұл жақсы құжат. Иә, Тегеран ядролық қаруды иелену құқығынан айырылады. Бірақ олар келісімге келуден жалтарып отыр. Не істеп жатқандарын білмеймін. Біз оларға тағы жойқын шабуыл жасадық". 

Масуд Пезешкиан, Иран президенті:

"Біз соғысуға мүдделі емеспіз. Бірақ егер АҚШ біздің қадір-қасиетіміз, жер аумағымыз және Отанымызды талқандау арқылы бізді тізе бүктіреміз деп ойласа, бұл олардың бос арманы ғана. Біз ешқашан берілмейміз".