Нетаньяху Ливанның халқына үндеу жасады

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливан халқына бейбітшілік туралы үндеу жолдады.

Ол өңірдегі қақтығыстар мен тұрақсыздық үшін «Хезболла» қозғалысын жауапты деп атады. Айтуынша, ұйым Иранның қолдауымен әрекет етіп, Ливанды жаңа қақтығыстарға итермелеп отыр. Алайда соған қарамастан Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі әскери операцияларын жалғастыруда. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, наурыз айынан бері қақтығыс құрбандарының саны 3600 адамнан асқан.