Польшада жанармайға қатысты жеңілдік алынып тасталады
Польшада жанармайдың бағасы реттелмейді.
ұл туралы елдің премьер-министрі Дональд Туск мәлімдеді. Үкімет мүшелері таяуда әлемдік шикізат нарығы тұрақталады деп болжап отыр. Наурыз айында ел билігі бензин мен дизельге салынатын қосылған құн салығын 23 пайыздан 8 пайызға дейін төмендеткен еді. Сондай-ақ акциз мөлшерлемесін Еуроодақ бойынша ең төменгі деңгейге түсіріп, жанармай бағасына күнделікті шектеу енгізді. Қолдау шаралары әр екі апта сайын жүргізілді.