Жапония Гренландия жерін зерттейді

Жапония Гренландияға сирек кездесетін металдарды өндіру мүмкіндігін зерттеу үшін делегация аттандырды. 

«Никкей» басылымының мәліметі бойынша, топ құрамында Күншығыс елінің Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің, сонымен қатар жекеменшік бизнес өкілдері бар. Олар Гренландия билігімен келіссөздер жүргізіп, кен орындарын қарап көрмек. Токио шикізат қорының көлемін, оның игеру құны мен болашақ инвестиция ауқымын бағалайды. Жапон делегациясының басты мақсаты – Қытайға тәуел-ділікті азайтып, Гренландиямен тиімді келісімдерге келу.