Рио-де-Жанейрода 2 тікұшақ апатқа ұшырады

Рио-де-Жанейрода 2 тікұшақ бір-бірімен соғылып, 6 адам қаза тапты.

Жергілікті өрт қызметіне сілтеме жасаған "Ассошиетед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, апат қаланың батыс бөлігінде болған. Бір әуе кемесі автосалон аумағына құлап, бірнеше электр көлігі отқа оранды. Өрт жылдам сөндірілген. Полиция жолаушылар арасында америкалық әнші Оливер Тридің барын айтады. Мәйіттер қатты күйіп кеткендіктен әзірге олардың кім екендігі анықталмай жатыр. Әуе апатының себебі де әлі белгісіз.